Алматыдан жаңа халықаралық рейс ашылады

Алматы - Хабаровск - Алматы тікелей рейстері 8 желтоқсаннан бастап қысқы-көктемгі навигация кезеңіне ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Чартерлік әуе сапарларын SCAT компаниясы Atlas-1 туристік фирмасымен бірлесіп орындайтын болады. Ұшулар Boeing 737-800-де орындалады және ұшу уақыты алты сағатты құрайды. Алматыдан ұшу сәрсенбі күні сағат 21:00-де, ал Хабаровскіден бейсенбі күні сағат 08:00-де жүзеге асырылады.

Туроператорлар бұл бағыт Алматының жұмсақ климатының, сондай-ақ шопинг, тау шаңғысы және гастротуризм үшін ашылатын мүмкіндіктердің арқасында адамдарды қызықтыратынын атап өтті.

Айта кетейік, жазда Уфа қаласынан Ақтауға чартерлік рейстер ресейлік туристер арасында танымал болды. Туристерді "барлығы қамтылған" жүйесі бойынша теңіз жағасында демалу мүмкіндігі қызықтырды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!