Алматыдан Хургадаға тікелей рейс мамырда ашылады

31 мамырда қазақстандық әуекомпания Алматыдан Хургадаға тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Sunday Airlines әуетасымалдаушысының мәліметінше, ұшаққа билеттерді турпакет құрамында сатып алуға болады. Рейстер аптасына бір реттен 29 мамырда басталады.

Қазақстан Мысырмен әуеқатынасын қалпына келтіретіні туралы ақпарат ақпанда пайда болды. Сол кезде ҚР ИИДМ Аазаматтық авиация комитеті наурыздан бастап "Эйр Астана", Fly Arystan және SCAT Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанайдан Шарм-эль-Шейхке туристік ұшуларды орындауды қайта бастауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!