Алматыдан Доха қаласына рейстер саны көбейеді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Qatar Airways әуекомпаниясы Алматыдан Доха қаласының Хамад әуежайынан көбірек рейстер орындайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Қазіргі уақытта Qatar Airways аптасына төрт рейс жиілігімен Доха - Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. Жаңа, 2023 жылдан бастап рейстер саны жетіге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Күн сайын Алматыдан келген жолаушылар Хамад әуежайы арқылы Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка қалаларына ұшуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, әуекомпания бұл жоспары жайлы 2022 жылы қарашада мәлімдеген еді.