Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды

Алматы - Атырау рейсіндегі ұшақтың қозғалтқышына құс түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Аir Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Алматы - Атырау КС877 рейсін орындаған Airbus A320 әуекемесінің ұшудан кейінгі тексеруінде құстың қозғалтқышқа түскені анықталды. Оның іздері табылды. Техникалық жағдайын бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылды. Осыған байланысты Атырау - Алматы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалады", - делінген әуекомпаниясының хабарламасында.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!