Алматыдан Алакөлге күніне екі рейс ашылды

Алматыдан Алакөлге күніне екі рейс орындалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

SCAT әуе компаниясының мәліметінше, рейс мамырда іске қосылған болатын, алайда әуежайдағы жөндеу жұмыстарына байланысты билет сату тоқтатылған. 

"Билеттерді сату уақытша тоқтатылған болатын, өйткені Үшаралдағы әуежайды жөндеуге жабу жоспарланған. Қазір біз жөндеу кейінге қалдырылып жатқаны туралы ақпарат алдық, сондықтан билет қайта сатыла бастады", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Әуекомпаниядағылардың айтуынша, Алматыдан Алакөлге ұшақ күніне екі рет ұшатын болады. Алматыдан рейс сағат 9.20-да және 13.00-де, Үшаралдан 11.10-да және 14.55-те орындалады. Ұшу уақыты - шамамен бір сағат. Билет құны - бір жаққа 15 541 теңге.

Алматыдан Алакөлге рейс қазанның соңына дейін қатынайды. Үшаралдан Алакөлге дейінгі қашықтық - шамамен 40 шақырым. Ол жаққа көлікпен де жетуге болады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!