Алматыда таутекелердің қоқыс жеп жүргені видеоға түсірілді

Алматылық Әнуар Исаев Іле Алатауы ұлттық паркінің тауларында серуендеп жүргенде жабайы таутекелерді видеоға түсірген. Оның айтуынша, жануарлар туристер қалдырған қоқысты қазып, пакеттерді шайнаған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Терра шалғынындағы Сиқыршы бұлағының жанында Сібір тауешкілерінің (таутеке) табынын кездестірудің сәті түсті. Алайда, мен бұл әдемі жануарлардың адам тастаған қоқыстарды қазып, зиянды қалдықтарды, соның ішінде полиэтиленді жегеніне куә болдым. Ал тауда қоқыс көп... " - деп жазады Әнуар постта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anuar Issayev ? (@anuarissayev)

Kaztengritravel.kz тілшісімен әңгіме барысында Әнуар оның көз алдында ешкілердің бірі полиэтилен пакетін жегенін айтты.

Постта ер адам ұлттық парктің тауларындағы қоқыс тастайтын жерлерді де көрсетті.

Kaztengritravel.kz тілшісі ұлттық паркке жүгінді. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі бас директорының орынбасары Қуат Қонаев қоқыс ұлттық парктің үлкен проблемасы болып тұрғанын атап өтті.

"Видеода Сібір таутекесі, жас жануарлар, биылғы балапандар бар. Жалпы, туристер бұл жерлерге барғысы келмейді. Бұл жануарлардың саны жыл сайын артып келеді. Бір жағынан, таутекелер адамдардан қорықпайтыны және өздерін тыныш сезінетіні жақсы. Егер олар қауіпті сезінсе, қашып кетер еді. Бұл жануардың мынадай қабілеті бар: ұрғашысы қауіпті сезсе немесе климат ұнамаса, ол ұрықтың дамуын тоқтатады. Ал мұнда тыныш жүреді, адамдардан қашпайды. Жануарлар тұзды тауып, қазып алған шығар, сондықтан олар қоқысты қазып бастаған. Жалпы, бұлар - өте ақылды жануарлар, олардың азық-түлік базасы бар, олар шөптермен, тау суымен қоректенеді. Олар үшін маршрут жасалады, біз оларға қажетті тұз шашамыз. Құрғақшылық жоқ, су таза. Жалпы, олардың дені сау, өздерін жақсы сезінетіндері, қауіпсіздігі көрініп тұр", - деді ол.

Қуат Қонаев қоқыс мәселесін шешу үшін ұлттық парктің қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, оны қалай шешуге болатыны туралы пікір білдірді.

"Біз қоқыс мәселесін бұрыннан шешуге тырысамыз. Іле Алатауы ұлттық паркі келушілерге үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Қоқыс тастамауды сұрайтын ақпараттық тақтайшалар орнатамыз, кейде кіреберісте туристерге пакеттер таратамыз, қоқысты қайда және қалай тастау керегін түсіндіреміз. Жақында жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды, әрқайсы қоқысты сұрыптауға қойылды. Әлі де лақтыратындар бар, қоқыс қалдырады.

Қоқыс бойынша біз тек осы жылдың өзінде 50 адамды жауапқа тарттық. Айыппұл - 10 АЕК. Қазір бізге қоқыс таситын екі жаңа машина берді, жету қиын жерлерге бару үшін екі УАЗ беру жоспарланып отыр. Ертеңнен бастап бір айлық акция бастаймыз. Бір ай ішінде ұлттық парк қызметкерлері қоқыс жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бізде орманшылар бар. Әркімнің өз бағыты бар. Олар тәртіпті қадағалап, қоқысты тазартады. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде проблема. Кейде ұлттық парктерді адамдар үшін қолжетімсіз ету немесе заңды қатайту дұрыс болып көрінеді. Көптеген турист алкоголь ішімдіктер ішеді, қызметкерлеріміз шу шығармауды, ережелерді сақтауды өтінген кезде дөрекі болады. Бізге: "Қоқыс жинау - сіздің жұмысыңыз. Сіз бұл үшін жалақы аласыз" дейтіндер бар. Ұлттық парктер аумағында алкоголь ішуге заңмен тыйым салу керек шығар", - деді ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!