Алматыда шетелдіктер саны күрт өскен

Алматыда шетелдік туристер ағыны бірден 73 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Алматының туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылы бірінші жарты жылдықта қалаға келуші шетелдік туристер саны 72,6 пайыз (261,6 мың адам) болған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ішкі туристер ағыны да едәуір өсіп, 24,6 пайызға (710,6 мың адам) жеткен.

"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өскені байқалады", - делінген басқармас хабарламасында.

Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны 500 мыңға жетеді деп күтіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!