Алматыда қысқы суретке түсуге арналған орындар жайлы не білесіз?

© pixabay.com

Фотосессиялар бұрыннан кез келген жаңа жылдық бағдарламаның міндетті бөлігіне айналды. Қыста фотосуреттер ерекше әдемі: мамық қар, жылы бас киім, шамдардың жарығы мен күлімдеген бақытты жүздер. Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz Алматы мен оның маңында фотосессияға арналған жеті орын жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Фотосессиялар бұрыннан кез келген жаңа жылдық бағдарламаның міндетті бөлігіне айналды. Қыста фотосуреттер ерекше әдемі: мамық қар, жылы бас киім, шамдардың жарығы мен күлімдеген бақытты жүздер. Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz Алматы мен оның маңында фотосессияға арналған жеті орын жайлы баяндайды.

Қаланың қақ ортасында орналасқан Алматының Ботаникалық бағы барша тұрғындар мен қала қонақтарына табиғатты тамашалауға мүмкіндік береді. Алматы ботаникалық бағының емен, қарағай, шырша, қайың алқаптары адам аяғы баспаған соны табиғатты сипаттайды.

Реклама
Реклама

Табиғи көрініс: қатып қалған тоған, аспанмен астасып тұрған алып ағаштар, қарлы тар жолдар, тіпті жәндіктерге арналған қонақүй де бар. Егер сәтін салса, мұнда сіз тиін, ірі қырғауыл және кішкентай шымшықтарды кездестіре аласыз. Мұның бәрі шабыттандырып қана қоймай, сонымен қатар жаңа күш береді.

Сондай-ақ, қаланы "Алматы - жасыл алқаптар, алаңдар, саябақтар мен саялы аллеялар көмкерген сирек әшекей бұйым секілді, әдемі қала-бақ" деп атайды.

Тұңғыш Президент саябағы - қаладағы ең үлкен саябақ. Мұнда негізгі көріністері ғана сақталып қоймай, жаңа ғимараттар - субұрқақтар, аркалар мен бағаналар да салынды.

Дәл осы жерден Алматы тауларының әсем көрінісі ашылады. Түтіннен тығылып, таза ауамен тыныстап, бір сәт ойланып, айналадағы сұлулықты суретке түсіру - бұл саябақта осы нәрселермен айналысу қажет.

Үшқоңыр. Бұл орынға Жоғарғы Қаскелең тас жолының бойындағы көлік қозғалысына байланысты шамамен 40 минутта - бір сағатта жетуге болады. Шамалған стансасына жетпей, үлкен жол айрығында тауға бұрылып, жеке учаскенің алдындағы шлагбаумға тоқтау керек.

Жылдың кез келген уақытында күннің батуы ерекше әдемі көрінетін көркем шалғындар бар.

Алматыдағы ең кәрі және ең биік ағаштар Баум тоғайында өседі. Өйткені, 1886 жылы тоғай Верный қаласының негізі қаланған жерде болды. Фотосессиялар үшін бұл ең қолайлы орын және оны қаладағы әр фотосуретші біледі. Алматының төменгі бөлігінде, Будённый көшесінде орналасқан.

Бұл жер Жетісудың белгілі орманшысы Эдуард Баумның атымен аталған. Тоғайды ғана емес, бүкіл қаланы абаттандырумен айналысқан да осы кісі еді. Тоғайдың жалпы ауданы 137,7 гектарды құрайды.

Баум тоғайы жайлы небір тылсым оқиғалар айтылады. Бейне бір тоғайда жасырылған үлкен қазына бар, елестер кезіп жүреді-мыс. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде тоғайда шіркеу жәдігерлерін жасырған жергілікті архиепископты өлтіріп кеткен екен. Ал қазынаны әлі де іздеуде дейді.

Шымбұлақ тауы - Алматы маңындағы туристер үшін ең қолжетімді шыңдардың бірі. Фотосуреттегі әдемі көрініс үшін "Медеудің" ең шыңына аспалы көлікпен шығу керек, ол үшін "Комби-1" және "Комби-2" екі станцияға билет сатып алыңыз. Қаладан 3200 метр биіктіктегі жол жүру уақыты бір сағаттан асады. Таудың өзіне жету үшін аспалы жолды қалдырып, сол жаққа көтерілу керек, мұндай серуендеуге дайындыққа шамамен 30-40 минут кетеді.

Сіз таулардың керемет көрінісін ашатын шыңға дейін жаяу барасыз. Фотосуретші Асқар Бумага топтан ешкім жолды білмесе, өз бетімен шығуға болмайды деп ескертеді. Сонымен қатар, оңай сырғып құлап кетуге болардай қауіпті жол бар. 16:30 - аспалы жолдың жабылу уақыты - төмен түсуге үлгеру үшін таңертең көтерілу ұсынылады.

Медеу - әлемдегі ең үлкен биік таулы спорт кешені. Ол Алматы маңында, Іле Алатауында, теңіз деңгейінен шамамен 1700 метр биіктікте орналасқан. Медеуде кез келген фотосурет әдемі болады - ағаштармен көмкерілген таулар, бұралған жолдар, тау бұлақтары және ұзын баспалдақтар.

Бутаковский сарқырамасы. Жылдың кез келген мезгілінде алматылықтар арасында ең танымал бағыттардың бірі. Қыста ол қатып, шынымен сиқырлы көрініске ие болады.

Сарқыраманың биіктігі шамамен 30 метр. Ол мөлдір жартастан құлаған тау бұлағынан пайда болады. Мұздың ар жағына өтсеңіз, ертегідегі үңгірге тап боласыз.

Қаладан Достық көшесіндегі бағанаға дейінгі жол шамамен 30 минутты алады. Бутаковка белгісінен кейін солға бұрылып, бақылау-өткізу пунктінде экологиялық төлемді (әр ересек адамға 500 теңге) төлеп, автотұрақ пен өзен орналасқан ең жоғарғы жағына шығу керек. Өзеннен өтіп, шатқалға жетесіз. Әрі қарай осы шатқалда, күмәндансаңыз, сарқыраманың қай жағында екенін орманшыдан сұрауға болады. Бұл жерде де абай болуыңыз керек және сол жерді білетін адаммен бірге жүрген абзал.

Өзеннен сарқырамаға дейін жаяу серуендеу дайындық деңгейіне байланысты бір жарым сағатқа созылуы мүмкін. Фотосессияны түске дейін немесе түстен кейін жасаған дұрыс. Сонымен қатар, сарқырамада туристердің жиналу ықтмалдығын да қарастырған жөн.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная