Алматыда керікке ат қойылды

Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері жақында дүниеге келген жаңа қонаққа - кішкентай керікке ат таңдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Біз ұзақ талқылаулар мен пікірталастар жүргізгеннен кейін кішкентай керігімізге ат таңдадық. Ат таңдауға зообағымыздың барлық қызметкері атсалысты. Жануарға дұрыс есім беру маңызды. Өйткені ол атына заты сай болуы тиіс. Әкесі - Хан, анасы - Сұлу, әпкесі- Ханзада екенін ескеріп, біз оған Сұлтан деген ат бердік", - деп хабарланды хайуанаттар бағының әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)

Бұған дейін керіктің дүниеге келгені хабарланған болатын. Хайуанаттар бағының қызметкерлерінің айтуынша, биыл тек тұяқтылар арасында 19 төл дүниеге келген.

Желі пайдаланушылары бұл атауды ұнатты және олар жирафқа мақтау жазды: "Әдемі ат", "құлыншақ, денің сау болып өс", "Сұлтанжан", "Сымбатты".

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!