Алматыда жаңа теміржол станциясы пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Қараша айының соңына дейін Алматы индустриялық аймағында теміржол станциясы іске қосылады. Бұл қазіргі тұрғындар мен болашақ инвесторлар үшін негізгі нысан болады. Бұл туралы баспасөз туры барысында журналистерге "Индустриальная зона - Алматы" ЖШС директоры Әлішер Сатыбалдиев мәлімдеді.


Қараша айының соңына дейін Алматы индустриялық аймағында теміржол станциясы іске қосылады. Бұл қазіргі тұрғындар мен болашақ инвесторлар үшін негізгі нысан болады. Бұл туралы баспасөз туры барысында журналистерге "Индустриальная зона - Алматы" ЖШС директоры Әлішер Сатыбалдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, құрылыс барысында жіберілген заңбұзушылықтарға байланысты нысан төрт жылдан астам уақыт бойы көліктік бақылау инспекциясының ескертулері бойынша консервацияда тұр.

"Қазір іс-шаралар жоспары әзірленді. Бірінші кезекте, бұл жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары. Әрі қарай, тепловоздардың жұмысы, техникалық сипаттамалары және басқа да техникалық құжаттар туралы нұсқаулық дайындау қажет. Бүгінгі таңда көліктік бақылау инспекциясының ескертулері бойынша комиссиялық ақау актісі дайындалды. Жұмыстарды орындау көлемі анықталды. Тәртіпке келтіру қажет құқықтық құжаттар анықталды. Жақын арада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісеміз. Аталған нысанды биыл қараша айының соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Әлішер Сатыбалдиев.

Ол станцияның құрылысы тамыздың ортасында басталатынын атап өтті. Жолдың жалпы ұзындығы 8 км құрайды, ол "Боралдай" станциясына жанасады, станцияға кірме жолдар - 1,8 км. Осы айдың өзінде резидент компаниялар теміржолдарға жанасуға техникалық шарттар алады. Тасымалданатын жүктердің көлемі жылына 1,8 млн тонна деңгейінде күтілуде.

Бастапқыда құрылыс үшін 1,5 млрд теңге көлемінде инвестициялар пайдаланылды. Әлішер Сатыбалдиев оны қалпына келтіру үшін қажетті инвестиция сомасы шамамен 200 млн теңгені құрайтынын түсіндірді: кейбір шпалдарды ауыстыру, жарықтандыруды, энергия блогын жөндеу қажет болады.

Алматының индустриалды аймағының жалпы көлемі - 490 гектар, оның 326 гектары жобаларға, қалған 164 гектары инфрақұрылымға бөлінген. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 233,7 га бөлінді, 275,8 млрд теңгеге 69 жобасы бар 67 компания резиденттер болады.

Алишер Сатыбалдиев Үкіметке индустриялық аймақтың аумағын 200 гектарға кеңейту туралы ұсыныс енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Қазір жақын маңдағы учаскелер зерттеліп жатыр. Оның айтуынша, күн сайын әлеуетті резиденттермен, соның ішінде ресейлік және еуропалық компаниялармен, атап айтқанда Германиядан 10-ға дейін кездесулер өткізіледі. Олар мұнай-химия, медицина, құрылыс индустриясы сияқты түрлі салалардың өндірістерін ашуға мүдделі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel