Алматыда аспалы жол салу жоспарланғаны айтылды

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы тұрғыны қала үстінен аспалы жол салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны қала үстінен аспалы жол салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімімен кездесуде Бостандық ауданының тұрғыны мегаполис үстінен аспалы жол салуды ұсынды. Ол идеяны жүзеге асыру үнемді және экологиялық таза екенін атап өтті.

"Мен көшелердегі жүктемені жеңілдету үшін аспалы жол салуды ұсынамын. Бұл экологиялық таза және қымбат емес, күн батареяларын қолдануға болады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Бұған жауап ретінде Досаев бұл жоба қазірдің өзінде қаланы дамыту бағдарламасына енгізілгенін айтты.

"Біздің даму бағдарламасында 2030 жылға дейін қалада 33 шақырым аспалы жол салу бар. Осы жоба бойынша қосымша ұсыныстарыңыз бен идеяларыңыз болса, ұсына беріңіздер", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная