Алматы вокзалында жолаушылардың мазасын алған әйел жазаланады

Егде жастағы әйел Алматы-2 вокзалында адамдардың мазасын алып, билеттерді сатып алуды ұсынып, балағат сөздер айтқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматы-2 станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне алматылық 73 жастағы тұрғыны белгісіз әйелге қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірді. Оның айтуынша, егде жастағы әйел жолаушылардың мазасын алып әуе және теміржол билеттерін сатып алуды ұсынып, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан.

Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласының 60 жастағы тұрғынын анықтады.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу), 434-бабы 3-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс шешім қабылдау үшін Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Айта кетейік, аталған азаматша бұған дейін ұсақ бұзақылық жазағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын", - делінген хабарламада.

Қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін құқықбұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Еске салайық, биыл қаңтардан бері көлік полицейлері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарына 16 720 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтаған болатын. Оның ішінде қоғамдық орындарда тиіскені үшін - 930, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін - 217.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!