Алматы тауларында қандай нысандар сүріледі?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы тауларындағы заңсыз құрылыстар бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тауларындағы заңсыз құрылыстар бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша, Алматының таулы аймағындағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді. Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысанды анықтаған.

Бұл ретте, 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді:

Реклама
Реклама

1. "Pain Hill" клуб үйі, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.
2. "Швейцария" ТҮК, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.
3. Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.
4. Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1
5. Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554
6. "Domino Life" клуб үйі, Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308
7. "Pine Hill Residence" клуб үйі, Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.
8. Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4
9. Тау бөктерін кесу, Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.
10. Тірек қабырғаның құрылысы, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207
11. "Граф" ТҮК, Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.
12. "Люксембург" ТҮК, Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.
13. КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.
14. Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46
15. "Rich" клуб үйі, Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.
16. Бақша үйлері, Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556
17. Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5
18. Тірек қабырға, Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А
19. "Француз үйі" ТҮК, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.
20. "KHAN" клуб үйі, Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.

"Қалған 23 нысан бойынша қазір сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға қатысты талап-арыз жазуға бастама көтерілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная