Алматы тауларына саяхатқа шыққан туристер тікұшақпен эвакуацияланды

видео кадры

Құтқарушылар жоғалған туристер тобын және зардап шеккен жасөспірім қызды тікұшақпен эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құтқарушылар жоғалған туристер тобын және зардап шеккен жасөспірім қызды тікұшақпен эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына сілтеме жасап.

РЖҚЖ мәліметінше, үлкен Алматы шыңына шыққан 7 адамнан тұратын топ адасып кеткен. Жол білмегеннің және дайындықсыз шығуының әсерінен қатты жаурап қалған және топтағы 14 жастағы қыз аяғын ауыртып алған.

"РЖҚЖ құтқарушыларына 16:10-да хабарлама келген. Түнгі сағат 2:32 уақытында РЖҚЖ және Алматы құтқару қызметінің құтқарушылары жоғалған адамдарға жеткен. Бірақ 7 адамның орнына тек алтауы болған. 1 турист топтан бөлініп Жусалы-Кезең асуындағы РЖҚЖ автокөлігіне өздігінен түскен. Топтағы қыздың жүруі қиындағанынан және топтағы адамдардың қатты тоңуының және шаршауының салдарынан таңда тікұшақты көтеруге шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Таңғы сағат 10:10-да АМО қызметкерлері бар "ҚазАвиаҚұтқару" әуе борты туристтерді және құтқарушыларды қалаға эвакуациялаған. Зардап шеккен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная