Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Алматы тауларына баратын бағыттар абаттандырылады


Алматы тауларының кейбір бағытында арнайы лашықтар салынады. Оның ішінде интернет тегін болады және "дабыл" түймелерімен жабдықталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Лашықтардан әрбір адам дәрі қорабын, көрпе, мобильді құрылғыға арналған қуаттау құрылғысын, маршрут картасы мен азық-түлік таба алады. Қазір Қазақстан тауларының негізгі бағыттары пысықталуда және жаңашылдықтар енгізілуде:

Алматы шатқалдарында құтқарушылар жасағының тәулік бойы патрулі болады;

Түйік-су шатқалында тікұшақ алаңы бұзылады;

QR-кодтары бар навигациялық стендтер орнатылды, олар арқылы бағыттың жұрыс-бұрыстығын (өту уақыты, оның күрделілігі мен ұзақтығы) анықтауға болады ;

көптеген бағыт цифрландырылған, абаттандырылған және ақпараттық стендтермен, орындықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, туристердің қауіпсіздігі үшін Төтенше жағдайлар департаментінің базасына қосылған бірыңғай навигация жүйесі құрылуда. Ол TAU Go мобильді навигаторының қосымшасы түрінде ұсынылады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

"Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды "Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды
Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады
Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады