06 қыркүйек 2023 09:10

Алматы тауларына алғашқы қар түсті: альпинист қалай болғанын көрсетті

видеодан кадр

Алматылықтар мен қала қонақтары таулы аймақта жауған алғашқы қардың видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар мен қала қонақтары таулы аймақта жауған алғашқы қардың видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Таяуда әлеуметтік желіде алғашқы қар туралы тамаша видео тарала бастады. Әсерлі кадрлар уақыттың зымырап жатқанын ескертеді: күнтізбе бойынша енді ғана жаз аяқталып, күз басталса да, міне қар жауып тұр.

Реклама
Реклама
@lana_svet12 #снегвгорах #алматы ♬ snow (short jingle)(1390389) - bunnyA

Бұл кадрларды біздің редакцияға таулы аймақта құтқару жұмыстарымен айналысатын әрі альпинист Нұрбол жіберді.

Нұрбол мен оның тәжірибелі командасы 4000 метр биіктікте алғашқы қарды көру сәті.

"Менің ойымша, 3000 метр биіктіктен жоғары аймақта шамамен 15 сантиметр қар жауды. Табиғаттың бұл құбылысы сел жүруге еш әсер етпейді деп ойлаймын. Жауған қар бір аптаның ішінде еріп кететін шығар, өйткені таудың орта бөлігінде ауа температурасы +18 градус сақталады", - дейді ол.

"Қазгидромет" өкілдері Алматы тауларында қар жауғанын растады.

"2023 жылы 4 қыркүйекте Іле-Алатауының орта бойында және ең биігінде, яғни 2500 метр биіктіктен жоғары аймақта қар аралас жаңбыр жауды. Бұл солтүстік-батыстан соққан суық ауаның әсерінен және атмосфералық фронтқа байланысты болды", - дейді "Қазгидромет" мамандары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram