Алматы облысындағы ең үздік тау шаңғысы курорттары

Қысқы демалыс десе, көз алдыңызға не келеді? Біреулер үшін бұл отбасымен жылы үйде Жаңа жылды қарсы алу болар. Ал кейбіреулер үшін мысалы, Мальдив аралдарындағы жағажай демалысы болуы мүмкін. Біз сіздерге қысқы демалыстың белсенді түрін ұсынбақпыз, яғни Алматы облысының қарлы шыңдарында қысқы спорт түрлерімен айналысу, "қыс қаһарына мінді, шаңғыңды сайла" демей ме... Сонымен қатар, сарапшылар да тұрғындардың осы бір пандемия кезінде ашық ауада демалуын құп санайды. Әрине, санитарлық нормаларды сақтау шарт. Kaz.tengritravel.kz порталы Аviata.kz сервисімен бірге сіздің назарыңызға Алматы облысындағы қазіргі таңда жұмыс істейтін тау шаңғысы курорттарының үздік үштігін ұсынады.

Тау шаңғысы маусымы басталды, көптеген курорттар келушілерге билеттерді /абонементтерді /шаңғы жол карталарын сатып алуды онлайн режимінде ашу арқылы қолайлы жағдай жасауда. Әрине, мұның бәрі коронавирустық пандемияға және COVID-19 инфекциясының алдын алуға байланысты. Сондықтан курорттардың әрқайсысы туралы ақпараттың астына билеттерді сатып алуға және қосымша ақпарат алуға болатын сілтемелерді қосамыз.

"Лесная Сказка" Ой Қарағай таулы курортты-қонақүйі

Ой-Қарағай шатқалында Алматыдағы әйгілі "Лесная Сказка" орналасқан. Іле Алатауының баурайындағы қылқан жапырақты ормандары мен төбелері бар табиғаты әсем, аумағы жеті футбол алаңына пара-пар жерді елестетіп көріңіз. Бұл демалыс орны шаңғы немесе сноуборд сияқты қысқы спорт түрлері үшін өте қолайлы. Мұнда аяқ астынан пайда болатын қара беткейлер жоқ, бірақ "Лесная сказка" жаңадан бастаушылар үшін өте ыңғайлы. Ең биік жері - 1650 метр, ең үлкен көлбеуі 35 градусты құрайды. Жолдары жеңіл және ашық, сондықтан мұнда отбасымен демалуға жиі келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OI-QARAGAI Lesnaya Skazka (@oi_qaragai_lesnaya_skazka)

Қонақтар үшін жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын тас жол, шаңғы жабдықтарын жалға беретін алты пункт, ашық аспан астындағы тамақтану орталықтары, бес минимаркет және төрт мейрамхана бар. Беткейлерде 70 нұсқаушы мен 15 құтқарушы жұмыс істейді. Қысқы спорт түрлерімен алғаш айналысып бастағандарға арналған шаңғы мектебі де бар. Сондай-ақ, курортта мұз аренасы мен қар тазартатын трек бар. Көлбеу биікке көтерілу үшін ұзындығы 500 метр аспалы жол бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OI-QARAGAI Lesnaya Skazka (@oi_qaragai_lesnaya_skazka)

"Лесная сказка" демалыс үйінде коттеджде, қонақүйде, ағаш үйлерде де тұруға мүмкіндік қарастырылған. Ал тамақтану үшін сол жердегі мейрамханаға немесе кофеханаға баруға болады.

Алматыдан "Лесная Сказка" курортына демалыс күндері Орталық стадионнан жүретін 210-шы автобуспен немесе Талғар тас жолының бойымен автокөлікпен Бесағаш ауылына бұрылып, содан кейін қайтадан оңға бұрылып баруға болады. "Саяхаттан" таксиге отыру жеңіл болады. Жол жүру бір сағаттан аз уақытты алады, бірақ автотұрақ үшін 1000 теңге төлеу керек екенін ұмытпаңыз.

"Лесная сказка" демалыс үйінің қызметі мен бағалары туралы нақты ақпаратты мына жерден таба аласыз.

"Ақ-Бұлақ" тау шаңғысы курорты

Биік таулы "Ақ-Бұлақ" тау шаңғысы курорты Талғарға жақын жерде көркем табиғатты шатқалда орналасқан. Бұл орынның ерекшелігі – тректерінің әр түрлі деңгейлерде болуы. Бұл жерде енді бастаушылар үшін де, тәжірибелі спортшылар үшін де шаңғы немесе сноуборд тебу өте қолайлы. Мұнда төмен түсудің бір бөлігі орманды аймақтан, әсем шыршалар арасынан өтеді. Айтпақшы, сіз мұнда түнгі сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін серуендей аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Высокогорный курорт Ак-Булак (@akbulakkz)

Беткейлердің ең биік нүктесі - 2664 метр, ал еңістердің ең үлкен көлбеуі - 55 градусқа жетеді. Беткейлерге аспалы жол апарады. Ең ұзын беткей - Талғар-1, оның ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Беткейлердің жоғарғы бөлігі "қызыл" беткейлер деп аталатын орташа қиындық деңгейіне жатады. Олар тәжірибелі шаңғышылар үшін ыңғайлы. Нағыз экстремалды әуесқойлар үшін Талғар-2 беткейі ұсынылады. Ол қиындығы тұрғысынан "қара" жолдарға жатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Высокогорный курорт Ак-Булак (@akbulakkz)

Ұзындығы 700 метр болатын төменгі бөлігі "жасыл жол" болып жіктеледі және жаңадан бастаушыларға арналған. Мәселен, "Ақ-Бұлақ" шаңғы мектебінің беткейі 250 метрге созылады. Алғаш рет шаңғы тебушілер мен кішкентай балаларға өте ыңғайлы. Жалпы, курорт отбасылық демалыс үшін өте қолайлы, өйткені шаңғы трассалары мен қонақүйден басқа Ақ-Бұлақта мұз айдыны бар. Қыста атпен де серуендеуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Высокогорный курорт Ак-Булак (@akbulakkz)

Тау шаңғысы курорты қонақүйінде екі кісілік бөлмелер, жартылай люксті және люксті бөлмелер бар. Орналасу және басқа қызметтердің бағаларын мына жерден таба аласыз. Бөлме бағасына таңғы ас, сауна мен бассейн және жаттығу залы кіреді. Қонақүйден сәл шығысқа қарай эконом-класс қонақүйі орналасқан, онда бағасына таңғы ас кіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Высокогорный курорт Ак-Булак (@akbulakkz)

Сіз "Ақ-Бұлақ" мейрамханасында тамақтана аласыз. Мәзірде итальян, жапон, орыс және еуропа асханасының тағамдары бар. Кешен Алматы қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Талғар маңында орналасқан. "Ақ-Бұлаққа" Талғар немесе Құлжа тас жолының бойымен жетуге болады. Талғар қаласынан өтіп, Рысқұлов ауылына қарай көтерілу керек. Сонымен қатар, Саяхаттан Талғарға дейін автокөлікпен де жетуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Высокогорный курорт Ак-Булак (@akbulakkz)

Табаған ойын-сауық кешені

"Табаған" спорттық-ойын-сауық кешені қаланың шуынан алыс, Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының маңында орналасқан. Кешеннің жалпы аумағы "Лесная сказка" демалыс үйіндей 55 гектар аумақты құрайды. Беткейдегі ең биік нүкте 1650 метр биіктікте орналасқан. 11 шаңғы трассасының жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семейный курорт "ТАБАГАН" (@tabagansrk)

Бұл жер жаңадан бастаушылар үшін де, шаңғышылар мен сноубордшылар үшін де таптырмас жер. Көлбеуде әртүрлі рельеф бар, бұл төмен түсуді қолайлы етеді. Шипажайға барғандар атап өткендей, бұл жердің ең жақсы тректері өз ісінің шеберлеріне арналғандай. Мұнда балаларға арналған шанамен сырғанау жолдары бар. Мұнда қарлы беткейлерден төмен сырғанау – қауіпсіз, әрі ыңғайлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семейный курорт "ТАБАГАН" (@tabagansrk)

Сонымен қатар, көлбеу жерде көтергіштер бар: бір-екі орындық аспалы жол мен екі сүйрейтін аспалы жол қарастырылған. Сіз сондай-ақ қараңғы түскенде де серуендей аласыз. Ол үшін баурайда қуатты жарық беретін және дыбыстық аппарат жұмыс істейді. Шаңғы нұсқаушысы жабдықты дұрыс киюді және шаңғымен сырғанауды үйретеді. Арнайы жабдықтарды жалға алу пунктінен алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семейный курорт "ТАБАГАН" (@tabagansrk)

Бесағаш ауылының айналма жолынан Бесқайнар ауылына (бұрынғы Горный Садовод) бұрылып, Талғар тас жолы бойымен Алматыдан Табағанға жетуге болады. Кешен негізінде ауыл аумағында орналасқан. Оған "Саяхаттан" таксимен де жетуге болады.

Курорт жайлы және қызметтер туралы толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.