Алматы облысында туризмді қалай дамытады және оған қанша қаражат жұмсайды

Фото ©Ұлан Әлімбек

Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстан аймақтарында туризмді дамыту туралы материалдар сериясын жалғастыруда. Біз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары туралы әңгімеледік. Енді Алматы облысы туралы айтайық.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстан аймақтарында туризмді дамыту туралы материалдар сериясын жалғастыруда. Біз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары туралы әңгімеледік. Енді Алматы облысы туралы айтайық.

Алматы облысы туризм басқармасының мәліметінше, өңірде туризм саласын дамыту Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде өңір мынадай мақсат қояды - туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде ішкі және сырттан келетін туристер санын ұлғайту, бөлмн санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласына инвестицияларды арттыру.

Реклама
Реклама

Фото ©Ұлан Әлімбек

Облыстың ұлттық парктеріне инженерлік және жол инфрақұрылымын жүргізу бойынша бағдарлама іске асырылып жатыр. Оның ішінде Қайыңды көлінде нығайтушы бөгеттің құрылысы, Саты ауылында және Саты ауылынан Қайыңды көліне дейін электр беру желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ Алматы - Шонжы трассасының 19 шақырымын Шарын шатқалына дейін орташа жөндеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Сарыбұлақ ауылынан Алтын Емел саябағына дейін 12 шақырым қиыршық тас жолын жөндеу аяқталды, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен бес ұлттық паркте 685 шақырым туристік маршруттар мен жолдар төселді. Ақпараттық тақташалар, көрсеткіштер, орындықтар және 442 қоқыс контейнері орнатылды.

2022 жылы мына құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр:

Саты селосынан Күрменті селосына дейінгі автожолдың жеті шақырымы - Көлсай көліне кіреберіс; Саты селосынан Қайыңды көліне дейінгі автожолдың 12 шақырымы; Шеңгелді - Қапшағай а/з автожолының 24 шақырымы - Алтын Емел ұлттық паркіне кіру.  

Сондай-ақ, Асы үстіртіне дейін Түрген - Обсерватория қара жолының 14 шақырымын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін есептеулер жүргізіліп жатыр.

фото ©instagram.com/tanbalymuseum/ 

2022 жылға 11 орналастыру орнын іске қосу жоспарланған, олардың құрылысына 1,6 миллиард теңге жұмсалды. Мұнда 147 жұмыс орны ашылады.

2021 жылы ҚР Экология министрлігімен бірлесіп, Іле Алатауы, Көлсай көлдері және Шарын ұлттық парктерінің аумағында инвесторлар тартылды. Бұл 20 миллиард 600 миллион теңге көлемінде жеке инвестициялар тартуға және 800-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Басқармаға туристік қызметті реттеуге 2021 жылға 322 миллион 699 мың 208 теңге, 2022 жылға 520 миллион 743 мың теңге бөлінді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная