Алматы облысында туризмді дамыту бағытында насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облысының туристік орталығынан Сурет Алматы облысының туристік орталығынан

Алматы облысында "Жаңа Жібек жолы" атты ақпараттық тур өтті. Облыста туризмді дамыту мақсатында өткен шара Халықаралық туризм мейрамына орай қыркүйектің 22-24 аралығында ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі облыстық туристік орталыққа сілтеме жасап. 


Алматы облысында "Жаңа Жібек жолы" атты ақпараттық тур өтті. Облыста туризмді дамыту мақсатында өткен шара Халықаралық туризм мейрамына орай қыркүйектің 22-24 аралығында ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі облыстық туристік орталыққа сілтеме жасап. 

Шараның мақсаты адамзат өркениетінің бірегей тарихи ескерткіші екенін айқындайтын Ұлы Жібек жолымен танысу көзделген. Ғасырлар бойы ежелгі керуен жолындағы сауда Еуразияның шығысы мен батысындағы елдердің экономикасы мен мәдениетінің дамуына ықпал етті. Қазіргі туризм мәдени диалог арқылы сауда мен бизнесті байланыстырады, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен бейбітшілікке ықпал етеді.

"Осындай шаралар Алматы облысының туристік әлеуетін күшейтуге ағынды ұлғайтуға, Алматы облысының туристік мүмкіндіктері мен әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ іскерлік байланыстарды қалыптастыруға ықпал ете аламыз деп үміттенеміз. Үш күнге созылған ақпараттық турға ресбубликаның барлық өңірлерінің туризм мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты", - делінген Алматы облысының туристік орталығы таратқан хабарламада. 

Ақпараттық тур бағдарламасына сай қатысушылар Алматы облысының туристік нысандарының танымал болған Көлсай көлдері, Таңбалы қорық музейі, Шарын шатқалдары, Шаған тоғайлары мен Шоңжыдағы ыстық су бұлақ көздері нысандарында болды. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel