Алматы облысында сел жүрді: Шымбұлақ уақытша жабылды

Шымбұлақ тау курорты 24 шілдеге дейін жабылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, 21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагері аймағында Шағын Алматы өзенінде табиғи апат - жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің қирауына және су тарту жүйесінің істен шығуына әкелген сел өтті. Соның салдарынан Шымбұлаққа су беру тоқтатылды.

"Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лай массалары мен тау жыныстарынан тазарту бойынша белсенді жұмыс жасады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауыңызға алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГОРНЫЙ КУРОРТ SHYMBULAK (@shymbulakmountainresort)

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа температурасының көтерілуіне және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтеріліп, ішуге жарамсыз лас судың пайда болуына әкеп соққан.

Сонымен қатар Алматы тауларында жағдай тұрақты және Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Қазіргі уақытта морена көлдерінің тасу қаупі жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!