Алматы облысында өткен тренингте туристік бизнестің тұрақтылығын нығайту талқыланды

Қыстың басында Талдықорғанда тұрақты туризм маркетингіне оқыту бойынша тренинг өтті. 6-8 желтоқсанда туризм саласының мамандары - сауықтыру кешендерінің қызметкерлері, "туризм" мамандығы бойынша оқытушылар, туризм басқармасының мамандары, туристік-ақпараттық орталығының кеңесшілері жиналып, пандемиямен күрестен бастап, жалпы туризмді түрлендіруге дейінгі мәселелерді ортаға салды. 

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Алматы облысының туризм басқармасы, туристік-ақпараттық орталығы және Еуразия туризм ассоциациясы. Тренинг Еуропалық одақ қаржыландыратын Switch Asia бағдарламасының "Орта Азиядағы тұрақты туризмнің моделі: әлеуетті қалыптастыру, хабардар болуды арттыру, технологиялар енгізу" жобасы аясында өтті.

Тұрақты туристік бизнес маркетингінің бағдарламасы мынадай сессиялардан тұрды:

- COVID-19-ды ескере отырып, тұрақты туризмнің заманауи тенденциялары;

- тұрақты туризм нарығы және нақты қажеттілігінің бағасы және сараптау құралдары;

- маркетинг бойынша нақты кеңестер;

- маркетинг күштерін жүйелеу барысындағы негізгі сауалдар;

- маркетинг стратегиясын таңдау;

- ілгері жылжыту тұжырымдамасын жасау және бағалау;

- дизайн, ілгері жылжыту және интернетте тарату.

Тренинг қатысушылары туризмнің тақырыптық және баламалы түрлерінің әлеуетін толық пайдалану үшін тұтас қолдау саясатының қажеттігін білді. Оған туризмнің басқа ішкі секторлармен және жергілікті экономикамен өзара байланысын нығайту, төртінші өндірістік революцияның әлеуетін толық пайдалану және тиісті инфрақұрылымды жасау кіреді. Өңірлердегі туризм нысандарынан адам көп шоғырланатын аудандардың жүктемесін азайту үшін туристік нысандарды тең бөлу саясатын енгізу, сондай-ақ жиналған байлықты отандық және шетелдік компаниялардың, шағын және ірі кәсіпорындардың, импорт пен жергілікті өнімнің, кіріс пен жалақының арасында неғұрлым әділ бөлу талап етіледі. 

Сонымен қатар, басты нарықтық туристік өнім - қызықты әсер сыйлау екенін кездесуге қатысушы мамандардың есіне тағы бір мәрте салды. Туризм күлкі, қонақжайлық, тазалық, эстетика, сапа, естеліктер, ұсынылған қызмет түрлері, сапардан соңғы еске алу, т.б көптеген өнімдерді өндіруге қабілетті. Туризмді дамыту - сенім білдіру, қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, ұсынылатын қызмет сапасы, инвестициялар, қызметкерлерді таңдау және кіріс келтіру тізбегіндегі бір ғана бөлігі.


Алматы облыстық ТАО