Алматы облысында маралдар видеоға түсірілді

Алматы облысында маралдар фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Жас маралдардың видеосы ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. Кадрларда екі жануардың бір-бірімен қалай ойнайтынын көруге болады. Оларды Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде фототұзақ түсірген.

"Ерекше әдемі жануар тұяқтылардың ішіндегі ірісі болып табылады-салмағы 300 келіден асуы мүмкін. Ересек дарақтардың мүйізінің ұзындығы 120 сантиметр, салмағы 12 келіге дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы санақ бойынша Жоңғар Алатауы ұлттық паркіндегі маралдың саны 1700 басты құраған, ал биылғы санақ қазанда жүргізілетін болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!