Алматы облысында курортты аймақтарға және табиғи парктерге ақпараттық тур өткізілді

Алматы облысының ұлттық саябақтары мен мұражайлары, сондай-ақ өзендері, көлдері, шатқалдары және басқа да табиғи сұлулық пен тарихи ескерткіштері - ежелден адамдарды қызықтырған. Бүгінгі таңда Жетісудың бірегей ландшафты жылдың кез келген уақытында шетелдік және ішкі туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазақстан Республикасының туристік кластерін одан әрі жетілдіру үшін орасан зор әлеуетті асыра бағалау қиын – сондықтан Алматы облысының Almaty Region Туристік ақпараттық орталығы Ұйғыр ауданының "Арасан" шипажай-курорттық аймақтары мен Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктері бойынша ақпараттық тур ұйымдастырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Турды ұйымдастырушылардың айтуынша, біздің аймақтың географиялық орналасуының ерекшеліктері өзі үшін жаңа бір дүниені ашқысы келетіндер мен жаңа әсер алғысы келетін кез келген адамның әуестігін қанағаттандырады екен. Сондықтан ақпараттық турдың мақсаты ішкі туризмді дамыту және ынталандыру, сондай-ақ Алматы өңірінің туристік әлеуеті туралы мәліметті арттыру болды.

Реклама
Реклама

Ақпараттық тур бағдарламасында оның қатысушыларына, олардың арасында жергілікті медиа қызметкерлері де, түрлі қазақстандық туроператорлар да Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-мұражайы таныстырылды. Сонымен қатар, тур барысында "Арасан" Шонжы ыстық бұлақтары сауықтыру-курорттық аймағының инспекциясы жүзеге асырылды. Барлық қатысушылар бірауыздан осындай ақпараттық турларға бару – жаз және қыс айларында бос уақытты өткізудің тамаша тәсілі деп келісті.

Ақпараттық тур нәтижесінде туроператорлар, БАҚ өкілдері, блогерлер және басқа да өңірлік туристік орталықтардың өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастық қалыптасты, бұл ішкі туристер арасында Алматы облысының туристік әлеуетін арттыруға қызмет етеді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная