Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Экология министрлігінің мәліметінше, жыртқыштар Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалды.
Қар барысы – ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың "қар барысы" деп аталуы бекер емес, ол – таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.
Реклама
Реклама
Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!