Алматы облысында "Жаңа Жібек жолы" ақпараттық туры өткізілді

Алматы облысы - таңғажайып сұлу табиғатқа ғана емес, сонымен қатар төлтума тарихи орындарға бай өңір. Қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарының оларға деген қызығушылығы жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстан тарихына бейжай қарамайтын туристер үшін Алматы облысының Zhetysu Travel туристік ақпараттық орталығы Жетісу бойымен жүретін арнайы "Жаңа Жібек жолы" атты ақпараттық турды бастау арқылы мүлдем ерекше, танымдық және өте қызықты нәрсе дайындады.

Ішкі туризмді дамыту саласы бойынша белсенді жұмыс атқарып келе жатқан Алматы облысының басшылығы жыл сайын облыс қонақтары, туристік операторлар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастыратынын және бұл сапарлардың барлық қатысушылардың ыстық ықыласына ие болатынын айта кеткен абзал.

2022 жылдың мамыр айында жаңа форматтағы осындай сапарлардың алғашқысына облыстық туристік ақпарат орталықтарының өкілдері, Алматы облысында ішкі туризмді дамытатын туристік компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ түрлі мамандандырылған қауымдастықтардың мүшелері барып та келді.
Төрт күнге созылған ақпараттық турдың жолы бұрынғы кезде Жетісу бойымен жүрген керуендер қозғалысының негізгі бағытына негізделді. Оған үш ұлттық табиғи парк - Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сонымен қатар мұражайлар, "Қорғас" ШЫХО және басқа да нысандар жатады.

Алматы облысында осындай ақпараттық турларды өткізу ішкі туризмді ілгерілетудің жақсы мүмкіндігі екенін айта кеткен жөн. Бұл, әрине, туристік компания өкілдеріне туристердің қызығушылықтарын қолдай отырып, аймақта нақты бағыттар ашуға қосымша мүмкіндіктер береді. Ақпараттық турды ұйымдастырушылар өз қатысушыларының, яғни туристік операторлар мен туристік агенттердің, өңірдің мейманханалар мен қонақүйлер, сондай-ақ ұлттық табиғи парктер кіретін туристік нысандарының өкілдерімен жылы жүздесулерін қамтамасыз етеді.

Өткен ақпараттық тур - 2022 жылы Алматы облысының әкімдігі өңірдің ішкі туризмін дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырған үшінші тур.

Оған қатысушылар Zhetysu Travel туристік ақпараттық орталығының өкілдерімен бірге облыстың үш ұлттық табиғи саябағын аралап, оларды кәсіби гидтермен бірге зерттеп қана қоймай, сонымен қатар қонақтар үшін танымдық экскурсия дайындаған "Қорғас" ШЫХО өкілдерімен бірлесе отырып, белсенді жұмыс атқарды.
Экскурсияға қатысушылардың әрқайсысы Ұлы даланың өткені туралы көп мағлұмат алып, оны жоғары бағалады.

 


МАТЕРИАЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАО КӨМЕГІМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН