Алматы облысында ежелгі Сиверс алма ағашының гүлдену фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фестиваль Жетісу тұрғындары мен қонақтарын Алматы облысының 90 жылдығын мерекелеуге шақырады. Оның ұйымдастырушыларының бірі - Алматы облысының Zhetysu Travel туристік ақпараттық орталығы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Фестиваль Жетісу тұрғындары мен қонақтарын Алматы облысының 90 жылдығын мерекелеуге шақырады. Оның ұйымдастырушыларының бірі - Алматы облысының Zhetysu Travel туристік ақпараттық орталығы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мерекенің басты оқиғасы "Сиверс алма ағашының гүлдену" фестивалі 2022 жылдың 4 мамырында сағат 10:00-де Алматы облысы Сарқан ауданы Тополевка ауылындағы әйгілі плиталарда болады.

Іс-шараны Сарқан ауданының әкімдігі, Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ, "Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады. Фестиваль қатысушыларының арасында қазақтың дәстүрлі садақ ату федерациясы Mergender Ordasy да бар.

Сиверс жабайы алма ағашы - алма ағаштарының түп атасы, Жоңғар-Алатауы ұлттық табиғи паркінің мақтанышы. Бүкіл Қазақстан бойынша дәл осы жерде алманың осы түрі көп өскен. Әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ескіден қалған құнды ағаштың гүлденуінің ұмытылмас әсем көрінісін тамашалауға келеді.

Алма ағашқа алғашқы сипаттаманы ботаник Иоганн Сиверс берген. Ол 1793 жылы Үржар өзенінің алқабында алма орманын кездестірген. Кеңес заманында алма ағашының бұл түрін ұзақ уақыт Қазақстан ҰҒА академигі, ҚазКСР ҒА жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы институтының бірінші басшысы болған, "алманың әкесі" атанған Аймақ Жанғалиев зерттеді.

Ал "Сиверс алма ағашының гүлдену" этнофестивалі мен өнім жинауды Қазақстанның жыл сайынғы ұлттық мерекелеріне айналдыру идеясы ата-бабаларымыздың мұрасын және табиғаттың әсемдігі бойынша бірегей құбылысын сақтау мақсатында жасалды.

Мереке қонақтарын көптеген қызық күтеді:

- Теректі өзенінің жағасында дәстүр бойынша киіз үйлер тігіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді;

- іс-шараны ұйымдастырушылар қонақтарға фестиваль тарихын ғана емес, бүкіл Жетісу Алатауының ежелгі тарихын да айтып береді.

- фестиваль аясында әртістер мен халық топтары қатысатын концерттік бағдарлама өтеді;

- фестиваль қатысушылары ұлттық қолөнер бұйымдары, кәдесый мен тәттілерден этножәрмеңке ұйымдастырады;

- шара аясында Mergender Ordasy мамандарынан садақ ату бойынша шеберлік сағаты өтеді;

- өңір мамандары агротуризмді дамыту бойынша дәріс оқиды;

- қонақтарды ұлттық және спорттық ойындар, сайыстар мен конкуртар күтеді;

- мерекеде "Үздік палау" және "Үздік бауырсақ" аспаздық конкурстары өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Материал Алматы облыстық ТАО көмегімен дайындалған