Алматы маңындағы қонақүйде 26 жастағы шетелдік әйел өлі табылды

Алматы облысындағы Қарасай ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14.25-те қайғылы оқиға туралы полицияға хабар түскен.

"Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Қылмыстық іс бойынша тергеу Департамент басшылығының бақылауына алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!