Алматы маңындағы Богданович мұздығына неге баруға болмайды. Ұлттық саябақ жауабы

Фото @andreyalmazoff

Іле-Алатау ұлттық саябағы Алматы маңындағы Богданович мұздығына баруға тыйым салу шараларын қабылдайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Іле-Алатау ұлттық саябағы Алматы маңындағы Богданович мұздығына баруға тыйым салу шараларын қабылдайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық саябақтың мәліметінше, табиғи көрікті жер экологиялық тұрақтандыру аймағына кіреді. Бұл жерде экологиялық туризм кіретін кейбір жағдайды қоспағанда, шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынады.

"Богданович мұздығына сапарлар Іле-Алатау МҰТП мен туристік фирма арасында міндетті түрде жолсерікті, гидті, экскурсоводты тарта отырып жасалған шарт негізінде реттелетін туризм шеңберінде ғана мүмкін болады", - деп хабарлады ұлттық саябақтың баспасөз қызметі. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, департамент Богданович мұздығында ұйымдастырылмаған туристердің ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлем туралы растайтын құжатсыз болуы әкімшілік құқық бұзушылық екенін түсіндірді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная