Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимге оралды

видео кадры

Желіде Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалын су басқаны түсірілген видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалын су басқаны түсірілген видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қатты лайлы жауын-шашын салдарынан перрон жағындағы нөсер канализациясы ішінара бітеліп қалған.

Алматы әуежайы баспасөз қызметі мәліметінше, биіктік айырмашылығына байланысты ескі және жаңа терминалдар арасында су жиналып, халықаралық рейстер келетін залды су басқан.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселені шешу үшін әуежайдың барлық қажетті қызметтері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта техникалық қызметтер нөсер канализациясын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халықаралық рейстердің ұшып кету аймағында рейстерге қалыпты жағдайда қызмет көрсетіледі. Ұшып келетін рейстерге уақтылы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шаралар қолданып жатыр. Осы салдардан туындаған барлық зардаптар жақын арада жойылады", - делінген хабарламада.

Кейін Алматы халықаралық әуежайы қалыпты жұмысына оралды.

"Алматы халықаралық әуежайы су тасқынының зардаптары жойылғанын хабарлады, әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная