Алматы-Душанбе тұрақты рейсі қашан ашылатыны белгілі болды

Қазақстаннан Тәжікстанға тұрақты рейстер қайта ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

ҚР аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан арасында Алматы - Душанбе - Алматы бағыты бойынша әр тараптан аптасына тұрақты түрде екі рейсті қайта ашуға рұқсат етілді.

"2021 жылдың 14 наурызынан бастап Алматы - Душанбе бағыты бойынша аптасына бір рет - жексенбі күні рейс болады", - деді ведомстводағылар.

Қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Жолаушыларды Airbus A320 және Embraer E190-E2 ұшақтары тасымалдайды. Айта кетейік, Тәжікстанға тұрақты әуе қатынасы жабылғанға дейін Душанбеге аптасына алты рет рейс болған.

Тәжікстан тарапынан Алматы мен Душанбе қалалары арасында тұрақты әуе қатынасын 2021 жылғы 18 наурыздан бастап "Somon Air" әуе компаниясы ашады. Аптасына (бейсенбіде) бір рейс болады.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.