Алматы - Дубай рейсі бір тәулікке кешіктірілді

Бүгін таңертең ұшуға тиіс Алматы - Дубай рейсі бір күнге ауыстырылды. Жүзден аса жолаушы рейсін күтуде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

Араб лоукостері Flydubai FZ 1722 рейсі Нұр-Сұлтан уақытымен 4.50-де Алматыдан Дубайға ұшуы керек еді. Алайда жолаушыларға техникалық себептер бойынша рейстің кейінге қалдырылғаны туралы хабарланды.

Лоукостердің колл-орталығының мәліметінше, әуебилеттерді брондау жүйесінде рейстің кейінге қалдырылғаны көрсетілген.

"FZ1722 рейсі бір күнге ауыстырылды. Біз әлі себептерді атай алмаймыз. Жолаушыларға қажетті ақпаратпен электрон поштаға SMS немесе хат келеді. Сондай-ақ, олардан билетті ауыстыру немесе толық қайтару сұралады. Мүмкін ұшу ертерек жоспарланған шығар. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз", - деді колл-орталықта.

Алматы халықаралық әуежайындағылар да рейсті басқа уақытқа ауыстырғанын атап өтті.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!