Доха, Катар. Фото ©Shutterstock Доха, Катар. Фото ©Shutterstock

Алматы - Доха әуе рейсі туралы мәлімет белгілі болды


Алматыдан Дохаға әуерейстердің қайта жандануының егжей-тегжейі белгілі болды. Ұшуды катарлық компания жүзеге асырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 19 қарашасынан бастап Qatar Airways әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуекемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады
Теміржол және әуе билеттерін Aviata.kz сайтында интернетсіз айырбастауға және қайтаруға болады Теміржол және әуе билеттерін Aviata.kz сайтында интернетсіз айырбастауға және қайтаруға болады
Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды - "Туристік Қамқор" Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды - "Туристік Қамқор"