Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Алматы - Дели рейсі қашан ашылатыны туралы айтылды


Алматы - Дели рейсі жақында ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Үндістанның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

"Үндістан мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері 2020 жылдың 20 наурызында тоқтатылды. Бізге Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алматы - Дели рейсі жақында қайта ашылатынын мәлімдеді. Содан кейін туризм жанданады деген үміттеміз", - деді Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубхдаршини Трипати ІТЕС бағдарламасы түлектерінің кездесуінде.

Сондай-ақ, дипломат Үндістанда коронавирус жағдайы тұрақталып, жақсарып келе жатқанын айтты.

"Миллиардтан аса адам екпе салдырды. Ауру жұқтырғандардың өсім деңгейі де бірден төмен болып тұр. Яғни, жағдай жақсарып келеді", - деді Шубхдаршини Трипати.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда Алматыдан Гоаға чартерлік рейстер ашылатыны белгілі болды. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды
Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі
Қазақстандық туристер Мальдив пен Шри-Ланкадан Нұр-Сұлтанға жеткізілді Қазақстандық туристер Мальдив пен Шри-Ланкадан Нұр-Сұлтанға жеткізілді