Алматы-Дели бағыты бойынша арзан әуе рейстері ашылады

© pixabay.com/Pexels

Үндістандық IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістандық IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Үндістанның "IndiGo" төмен бюджеттік әуекомпаниясы 2023 жылдың 15 тамызынан бастап Дели-Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуекемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуды бастауды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

ААК мәліметінше, IndiGo әуекомпаниясы Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.

"Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.

IndiGo әуекомпаниясы - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуетасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуекомпаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуекемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны - 104, оның ішінде 78 - ішкі, 26 - халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная