Алматы - Дели әуе рейсі 16 желтоқсанда қайта ашылады

Қазақстан Алматы - Дели тұрақты рейстерін аптасына үш рет жиілікпен қайта бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

Рейстер 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап аптасына 3 рет - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.

Алматыдан рейс сағат 07:50-де ұшып, Делиге 11.10-да жетеді. Делиден қайтар рейс сағат 12:20-да ұшып, Алматыға 16:40-та жетеді. Делиге ұшу ұзақтығы 3 сағат 50 минут болады.

Air Astana әуе компаниясы Киев, Бішкек, Ыстамбұл, Тбилиси және Бакуден транзиттік жолаушыларға ыңғайлы түйісулерді ұсынады.

Әуежай, жанар-жағармай және басқа да салықтарды қосқанда екі бағыттағы эконом-кластың билет құны 234 755 теңгеден, бизнес-класта 453 419 теңгеден басталады.

Делиге ұшатын азаматтар www.newdelhiairport.in порталында форманы толтыруы керек,

Сонымен қатар, келуге дейін 72 сағаттан ерте емес COVID-19 үшін теріс ПТР-сынағын жүктеу керек. Мұндай рәсімнен бес жасқа дейінгі балалар босатылады. Сонымен қатар, ұшатын елде әуекемесіне отырғызар алдында және келгеннен кейін әрбір жолаушының дене қызуы өлшенеді. Егер саяхатшыда коронавирус инфекциясының белгілері анықталса, ол республикадағы медициналық мекемеге оқшаулауға жіберіледі.

Вакцина алмаған немесе ішінара егілген туристер Үндістанға келгеннен кейін COVID-19 тестін тапсыруы, жеті күндік үй карантинін сақтауы және келгеннен кейін сегізінші күні екінші ПТР-тестен өтуі керек. Толық вакцина алған жолаушылар бұл рәсімдерден босатылады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!