Алматы әуежайының нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәселен, 2003 жылы "Имсталькон" АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Әкімдікке осы нысандарды меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А.Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 шаршы метр жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

"Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі биыл 13 наурызда күшіне енді", - деді меморган өкілдері.

Бүгінгі таңда соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ бойынша, ал Әділет департаментімен нысандарды мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная