Алматы әуежайының қызметкерлері жолаушы бірнеше күн бойы іздеген мысықты лақтырып жіберген

©️ instagram

Алматы әуежайының қызметкерлері жолаушы бірнеше күннен бері таппай жүрген мысықты лақтырып жіберген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайының қызметкерлері жолаушы бірнеше күннен бері таппай жүрген мысықты лақтырып жіберген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

21 тамызда Алматы әуежайында мысық тасымалдаушы сөмкесінен шығып кеткен. Ол әжетхананың қол жетпейтін жерінде тұрып қалған, ал қыз мысықты өздігінен шығара алмады.

Жолаушының айтуынша, ол көмекке жүгінген, бірақ рейске отырғызу басталып кеткен. Бұл уақытта қыздың ата-анасы да әуежайда болған. Отбасы әуежай қызметкерлеріне байланыс деректерін қалдырған, олардан мысықты алып шығуын өтінген.

Реклама
Реклама

"Бұған жауаптылар сол күні қажет шараларды жасаймыз, оны алып шығамыз, тауып береміз деп уәде еткен еді. Ата-анамды өткізбей соң үйге қайтарып жіберді. Оның нақты қай жерде болғанын білген соң тауып береді деген үміт болды, олар бар болғаны сантехниканы ашып, сол жерден шығарып алуы керек еді.

Бірақ бір, екі, үш күн өтті, хабар жоқ, мысықты шығармаған. Осы оқиға туралы волонтерлерге жаздым, ұшып бара жатқандар оны естісе немесе көрсе, маған кез келген ақпарат маңызды болар еді", - дейді алматылық.

Қыздың айтуынша, мысықтың даусы жоғарыдан естілген. Алаңдаған адамдар қызметкерлерге телефон соғып, бұл мысық екенін, оның адасып кеткенін, қожайындарын іздеу керегін айтқан. Кейін бір қызметкер оны шығарып, көшеге лақтырып жібергені белгілі болды, бірақ мысықтың иелері мысық табылған жағдайда дереу хабарлауды сұраған еді.

Қазір үй иелері мен еріктілер мысықты іздеп жатыр. Бірақ ол әзірге табылғған жоқ.

"Мен ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ мысықты ешкімнен сұрамай, оның кімдікі және қайдан келгенін білмей көшеге лақтыру - мен үшін мүлдем адамгершілікке жатпайды", - деп жазды мысықтың иесі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная