Алматы әуежайының жаңа терминалы мерзімінен бұрын ашылады

Сурет Алматы әуежайының баспасөз қызметінен

ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серкан Каптан жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісіп, бүгінде құрылыс жұмыстары 87 пайызға аяқталғанын мәлімдеді. Жаңа терминал биылғы маусым айында, яғни бекітілген мерзімінен екі ай бұрын ашылады деп жоспарланып отыр. Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады.

"Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз", - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 миллион жолаушыға жетеді. Сондай-ақ, әуеайлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Осыған дейін, әуежайдың вице-президенті Фатих Омюра Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларына 2024 жылы тамызда қызмет көрсететінін мәлімдеген еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная