Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы қашан аяқталады?

© Тұрар Қазанғапов

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ИИДМ басшысы Марат Қарабаев "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Алп Ер Тунга Ерсоймен кездесті. Кездесу барысында әуежай басшылығы Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалын салу жөніндегі ірі жобаның іске асырылуы туралы баяндады. Кездесуге қатысушылар қызметтің негізгі бағыттары мен жобаларды іске асыру кезеңдері бөлігінде әуежайды перспективалы дамыту бойынша жұмыстың негізгі аспектілерін талқылады.

Бүгінде әуежай дамуының оң динамикасы және жолаушылар ағынының өсуі байқалады (2022 жылы әуежай 7 миллион қызмет көрсетілген жолаушы белгісін еңсерді).

Реклама
Реклама

Айта кету керек, жобаны іске асыру бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда және Мемлекет басшысының бақылауында. Жобаны аяқтаудың жоспарланған мерзімі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында. Жаңа терминалдың құрылысы жолаушылар ағынын айтарлықтай арттыруға, ұшу географиясын кеңейтуге, мегаполистің тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Министр әуежайдағы қызметтер мен сервисті жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және жолаушылардың шағымдарына дереу ден қоюды тапсырды. Өз кезегінде тараптар Алматы қаласының әуежайын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға келісті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная