Алматы әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын қолдан жасағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласының халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-мен бірге 1992 жылғы Ж. есімді және 1993 жылғы И. есімді ер адамдарды ұстады.
Қамауға алынғандар шетелге шыққандарға теріс нәтижесі бар ПТР сынақтарын жасағаны анықталды, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылған. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасаған. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отыруға жібереді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінген.
"Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған деректерге қатысы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. "Сатушылар" ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомствадағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!