Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы әуе айлақтың онлайн-таблосындағы мәліметтер дәлел, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Таблодағы мәліметке сәйкес, Алматыдан ұшатын 10-нан аса рейс кешігіп жатыр. Кешіккен рейстердің көпшілігі - ішкі. Алматыға келуші ұшақтарда кешігіп жатқан көрінеді.

Осыған дейін, қазақстандық әуежолаушыларына рейс кешіккен жағдайда өтемақы мөлшері көбеюі мүмкін екені айтылған еді.