Алматы әуежайында оғаш қылық көрсеткен шетелдік ұсталды

Midjourney

Алматы әуежайының көлік полициясы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 жастағы Ресей азаматшасын ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайының көлік полициясы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 жастағы Ресей азаматшасын ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Мәскеу-Алматы рейсінің келуінен кейін болған. Әйел ұшу кезінде агрессивті және орынсыз әрекет көрсеткен. Ол әдепсіз сөздер айтып, экипаждың ескертулерін елемей, тәртіпті сақтау талаптарын орындаудан бас тартқан.

"Әйел ұсақ бұзақылық және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 25 АЕК (92 300 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная