Алматы әуежайында қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген шығын бағаланды

Алматы әуежайына қаңтардағы оқиға кезінде 6,8 миллион долларға дейін шығын келтірілген. Бұл туралы "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Ерсой Альп Эр Тунга мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, лаңкестердің әрекеттерінен келтірілген залал 300 000 долларды құрады. Сондай-ақ, әуежай тоқтап қалған кезде 6,5 миллион доллардан айырылды. Сонымен қатар, әуежайды басқарушы компания залал үшін мемлекеттен қаражат сұрамаған.

"Қазіргі уақытта біздің жеке қауіпсіздік бағдарламамыз бар, сонымен қатар ИКАО ережелерін сақтаймыз. Әуежай аумағында жеке қауіпсіздік қызметі, ҰҚК Шекара қызметі, желілік полиция жұмыс істейді. Қаңтардағы оқиғалардан кейін біз әртүрлі қызмет арасындағы үйлестіру мен байланысты жақсарту керегін көрдік. Біз болашақта осындай жағдайлар туындаған жағдайға жоспар құрдық. Қазір осындай оқиғаларға қатысты дайындық бар. Өткен жылы сақтандыру компаниялары бізден терроризмнен сақтандыру туралы сұрады. Біз ел қауіпсіз деп айттық: 30 жыл ішінде ештеңе болған жоқ. Біз мұндай жағдай болады деп күткен жоқпыз", - деді ол.

Әуежай басшысының айтуынша, сақтандыру компаниясын тергеу және қаңтардағы оқиғалар кезінде әуежай қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ішкі тергеу жалғасып жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!