Таңертең Алматы әуежайының жаңа терминалында ұзын-сонар кезек пайда болды. Шекаралық бақылау жүйесіндегі ақауға байланысты жолаушылар шекарадан өте алмай қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқырман әуежайда жиналған жұрттың видеосын жолдады. Олардың айтуынша, ақау жарты сағатқа созылып, бақылауда жолаушылар көбейе түскен.
"Жүйеде паспорттық бақылауда техникалық ақау болды. Ақаулар қазірдің өзінде шешілді. Тексеру және сканерлеу проблемалары болған жоқ. Ақауға байланысты рейстердің кешігуі байқалмады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді", - деп сендірді әуе айлағының баспасөз қызметі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!