Алматы әуежайында жаңа терминал төбесінен су ағып жатыр

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы әуежайының жаңа терминалының төбесінен су ағып жатыр. Әуежай әкімшілігі мәселені жою шараларын қабылдаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайының жаңа терминалының төбесінен су ағып жатыр. Әуежай әкімшілігі мәселені жою шараларын қабылдаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде төбеден су ағып жатқаны түсірілген кадрлар пайда болды. Онда сауда бутигі төбесінен су ағып жатқаны көрсетілген.

@shanirak777 #аэропорталматы ♬ оригинальный звук - AX7747AX
Реклама
Реклама

Әуежайдың баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Алматы әуежайы терминалында төбеден су ағуына қатысты барлық ақау дереу түзетілгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Олар жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі әуежай әкімшілігінің басты басымдығы екенін атап өтті.

"Біз жағдайды түзету үшін шұғыл қадам жасадық, соның ішінде: су кету көзін анықтау және оны оқшаулау бойынша шаралар қабылдау, жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін кедергілер мен көрсеткіштерді орналастыру арқылы қамтамасыз ету, ақауды мүмкіндігінше тез жою үшін мердігерлермен жұмыс жасау", - делінген баспасөз хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама