Алматы әуежайында екі жолаушы есірткі контрабандасы үшін ұсталды

polisia.kz

Халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Пхукет – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы және Көкшетау қалаларының 26 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушыларда есірткі заты бар екендігі туралы белгі берді. Тексеру барысында олардан гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өз әрекеттерінің заңсыз екендігін біле тұра, Таиландта демалыс кезінде есірткі сатып алып, жеке тұтыну үшін сөмкелерінде сақтаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған деректер бойынша көлік полицейлері өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс және айналыстан алып қойылған заттардың контрабандасы үшін соталды тергеу жүргізген.

Алматы Түрксіб аудандық сотының үкімдеріне сәйкес Көкшетау қаласының тұрғынына 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, Алматы қаламының тұрғынына 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная