Алматы әуежайында чартерлік рейс ұшақтарына жанармай құю тоқтатылады

Фото ©Shutterstock

Алматы халықаралық әуежайында авиациялық отынның тапшылығына байланысты шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы халықаралық әуежайында авиациялық отынның тапшылығына байланысты шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуежайдың мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейстерінің жанармай құю көлемін шектеу және бір жолғы чартерлік рейстердің жанармай құюын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Реклама
Реклама

"Бұл шаралар Қазақстандағы авиациялық отынның тапшылығына байланысты қабылданды", - деп түсіндірді әуежайдағылар.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайында әуе тасымалдаушылар отын тапшылығына байланысты тоқырау алдында тұрғаны хабарланды. Бұл мәселеге қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жөндеу жұмыстарымен байланысты авиакеросин тапшылығы болғанын мәлімдеді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная