Алматы халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен - 1438, анықтамасыз - 166. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 578, анықтамасыз - 39; Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен - 169, анықтамасыз - 59; Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен - 94, анықтамасыз - 3; Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді."Анықтамасыз қазақстандықтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетелдік, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!