© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы әуежайына мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетелдік депортацияланды


Алматы халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді. Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен - 1438, анықтамасыз - 166.
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 578, анықтамасыз - 39;
  • Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен - 169, анықтамасыз - 59;
  • Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен - 94, анықтамасыз - 3;
  • Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді.

"Анықтамасыз қазақстандықтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетелдік, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Осыған ұқсас мақалалар

Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі - ДСМ Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі - ДСМ
Қыс мезгілінде Өскемен қаласы несімен тартымды? Қыс мезгілінде Өскемен қаласы несімен тартымды?
Қазақстандықтар мұз қатқан суқоймаларында түсірілген видеоларымен бөлісіп жатыр Қазақстандықтар мұз қатқан суқоймаларында түсірілген видеоларымен бөлісіп жатыр