Алматы әуежайы жолаушыларға хабарлама жасады

Алматы әуежайында автокөліктердің кіруіне арналған пандус жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандус 21 қыркүйектен бастап жабылады.

"Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы вокзал маңы алаңын күрделі жөндеу мен қайта құруға байланысты пандус жөндеу жұмыстарына жабылады. Жолаушылар көліктерді жабық және ашық тұрақта қалдыра алады", - делінген хабарламада.

Терминалға жаяу жүргіншілер көпірі арқылы және вокзал маңы алаңы арқылы өтуге болады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!